Шымкент: Қойма күзетшісі темір ұрлап кеткен
Абай ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол арызында, өзінің қоймасындағы темірлерді белгісіз тұлғалар жасырын түрде ұрлап кеткенін жазып көрсеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 3 000 000 (үш миллион) теңгені құрап отыр.
Аталған жайт ҚК-тің 188-бабының 1-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері хабарды алған бойда күдіктінің жеке басын анықтауға бағытталған барлық қажетті шараларды қабылдап, жедел-іздестіру жұмыстарына кірісті. Жан-жақты тексеру жүргізіп, нәтижесінде қылмысқа қатысы бар деген екі азаматты тәулік ішінде қала аумағынан қолға түсірді. Олар Төлеби ауданының 31 және 34 жастағы тұрғындары болып шықты. Білімдері орташа. Бірі — уақытша жұмыссыз, екіншісі сол қойманың күзетшісі екені анықталды.
Тергеу барысында белгілі болғандай, ұсталған азаматтар ұрланған заттарды сатып, жеке бастарының пайдасына жаратпақшы болған.
Қазіргі кезде тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі.
newstaraz.kz