Шымкент: Қонаққа келген азамат үй иесінің сөмкесінен ақша ұрлап кетті
Оқиға 2022 жылдың қараша айында, Шымкент қаласы аумағындағы үйлердің бірінде орын алған.
Шымкент ҚПД Абай АПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті жердің 44 жастағы тұрғыны арызданған. Ол арызында, бір жылдан бергі жолдасының танысын қонаққа шақырғанын, ол үйіне келген кезде, ас үйде тұрған қол сөмкесінің ішінен қомақты қаржыны жасырын түрде ұрлап кеткенін жазып көрсеткен. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын көлемі 130 000 (жүз отыз мың) теңгені құрап отыр.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Тәртіп сақшылары барлық қажетті шараларды қабылдап, жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде, күдіктіні тәулік ішінде қала аумағында қолға түсірді. Ол Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Жасы — 41-де, жұмыссыз.
Ұсталған азамат өз кінәсін толықтай мойындап, заңсыз әрекетке қаражаттың жетіспеушілігінен барғанын жеткізді.
Қазіргі кезде ұрланған ақша тәркіленіп, иесіне қайтарылды.
Айта кетейік, полиция қызметкерлері ер азаматтың басқа да ұрлыққа қатыстылығын анықтауда. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі
newstaraz.kz