Новости на Newstaraz.

Шымкент: Бала күтушісінің атынан несие рәсімдеген

newstaraz.kz

Абай ауданының Полиция басқармасына Түркістан облысының 57 жастағы тұрғыны арызданған. Ол арызында, 2022 жылдың шілде айында Шымкент қаласы аумағындағы ауқатты отбасылардың бірінде өзінің бала күтушісі болып қызмет еткенін, сол кезде аталған жанұяның мүшесі жасырын түрде ұялы телефонын алып, ондағы банк қосымшасы арқылы 1 000 000 (бір миллион) теңге көлемінде заңсыз несие рәсімдегені туралы жазып көрсеткен. Яғни, арызданушы телефонына банк атынан берешегін сұрап хабарлама келгенде ғана, өз атынан өзге біреудің несие алғанын біліп, жедел түрде полицияға жүгінген.

Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-тің 190-бабымен (Алаяқтық) тіркеп, жедел-іздестіру шараларына кірісті.

Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру жұмыстары нәтижесінде, күдікті бір тәулік ішінде қала аумағынан қолға түсті. Ол Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Жасы – 26-да, жоғары білімді. Уақытша жұмыссыз.

Тергеу барысында белгілі болғанындай, ұсталған азаматша айласын өз үйінде асырған. Бала күтушісінің аңғалдығын пайдаланғанын мойындап, заңсыз әрекетке қарыздарынан құтылу үшін барғанын және бұл үшін өкінетінін жеткізді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жалғасуда.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »