Шымкент: Дүкеннен ақша ұрлаған азамат үш жылға сотталды
Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотында Шымкент қаласының 28 жастағы тұрғынына қатысты сот үкімі шықты.
Ол Шымкент қаласының аумағындағы киім дүкенінің кассасынан ақша ұрлағаны үшін кінәлі деп танылып, үш жылға бас бостандығынан айырылды.
Аталған азамат сауда орнындағы киім-кешек сататын дүкендердің біріне терезесін бұзып, заңсыз кіру арқылы дүкеннің кассасында болған 240 000 (екі жүз қырық мың) теңгені жасырын түрде ұрлаған. Келтірілген жалпы шығын көлемі — 240 мың теңгені құрап отырған.
Тергеу барысында азаматтың өзі 240 мың теңгені қордаланған қарыздарынан құтылу үшін қолды еткенін жеткізді.
Басты сот талқылауында сотталушы өзіне тағылған айыпты толығымен мойындап, өкінетінін жеткізген.
Сот сотталушының қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жайларын, жасаған қылмысының қоғамға қауіптілігінің сипаты мен дәрежесін, оның жеке басының деректерін ескере келе, азаматқа «бас бостандығынан айыру» түріндегі жазаны қолдану қажет деп тауып, 3 жылға үкім кесті.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі
newstaraz.kz