Шымкент гарнизонында «Рөлдегі маскүнем-қылмыскер» айлығы өтті
Қарулы Күштерде жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға бағытталған алдын алу іс–шараларының жоспары негізінде, Шымкент гарнизонына қарасты әскери бөлімдерінің жеке құрамымен «Рөлдегі маскүнем-қылмыскер» атты айлығы өткізілді.
Айлықты өткізу барысында Шымкент гарнизонының әскери полиция бөлімінің әскери автомобиль полициясы бөлімшесінің бастығы капитан Мейіржан Иристемовтың ұйымдастыруымен нарколог дәрігерлер мен құқық қорғау органдарының өкілдерін шақыра отырып, әскерлерде маскүнемдіктің зияны туралы сабақтар өткізілді.
Капитан Мейіржан Иристемовтың айтуынша, Шымкент гарнизонының әскери бөлімдері мен мекемелерінде 300-ден астам әскери қызметшілердің жеке көлігі бар, тағы 1000-ға жуығы сенімді басқару құқығымен көлік құралдарын басқарады, олар күн сайын жол қозғалысының белсенді қатысушылары болып табылады.
Сонымен қатар, автомобиль көлігі жоғары қауіптілік көзі болып табылғандықтан әскери қызметшілерге қоғамдық орындарда болу және көлікті мас күйінде басқару жауапкершілігі туралы ақпарат жеткізілді.
Профилактикалық іс-шаралар аясында әскери қалашықтарда және әскери бөлімдерге іргелес аумақта жарақаттану фактілерін алдын алу мақсатында жол белгілері жаңартылды, ал әскери қызметшілерге сақтануға тиіс ережелер, жолаушы ретінде жүргенде ЖКО салдарының ауырлығын азайтуға немесе оны болдырмауға бағытталған әрекеттер түсіндірілді.
Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі
newstaraz.kz