Шымкент полицейлері «Жолдағы қабылдау» республикалық ациясы барысында 200-ден астам азаматқа кеңес берді
Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері ағымдағы жылдың 17-18 қаңтар күндері таңғы сағат 9:00-ден кешкі сағат 19:00-ге дейінгі уақытта «Жолдағы қабылдау» республикалық акциясын Шымкент қ. ПД-нің фронт-кеңселерінде және стационарлық полиция бекеттерінде азаматтарды қабылдауда. Сондай-ақ, полицейлер халық көп шоғырланатын Арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарына барып, азаматтарға шетелдерден сатып алған және біздің еліміздің аумағына әкелген автокөліктердің иелері тіркеу жөніндегі мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, олардың сұрақтарына жауап беруде.
Сондай-ақ, акция шеңберінде тұрғындарға полиция тарапынан көрсететін мемлекеттік қызметтер туралы, көші-қон мәселесі бойынша, 2020 жылғы 11 қаңтарда заңды күшіне енген әкімшілік, қылмыстық және қылмыстық-процестік кодекстеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы түсіндірілуде.
Бұдан басқа, Әкімшілік полиция комитетінің қызметкерлерімен «Тікелей желі» 8 (7172) 71 58 21, 71 58 39, 71 58 04, 71 58 06, 71 58 62 (демалыс күндерін қоспағанда 09:00-ден 19:00-ге дейін түскі үзіліссіз) ұйымдастырылған, Шымкент қаласының тұрғындарына 8-7252-30-10-30 нөмірі бойынша колл-орталығы арқылы байланыс құрылып, хабарласқан азаматтарға қызмет көрсетілуде.
Қазіргі уақытта (сағат 18.00-де) 200 аса қала тұрғындарына қызмет көрсетіліп, түсінідіру жұмыстары жүргізілді.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі
newstaraz.kz