Шымкентте бір апта ішінде бейнекамералардың көмегімен 9 қылмыс ашылды
фото: телеканал «Алматы»
2022 жылғы 31-қазан мен 6-қараша аралығында Шымкент қаласы Полиция департаменті Жедел басқару орталығының «102» арнасына 6617 әр түрлі сипаттағы қоңыраулар шалынған. Оның 2725 тіркеуге алынып, қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.
Бір апта ішінде бейнебақылау камераларының көмегімен 9 қылмыс ашылған.
Оның ішінде: ұрлық — 4, тонау – 2, ұсақ-түйек жымқыру – 2, есірткі қылмысы — 1.
Бейнебақылаулар заңбұзушылықтың алдын алуға, қылмыстың ізін суытпай ашылуына үлкен көмегін тигізіп келеді. Сондай-ақ, нөлдік төзімділік қағидасы және әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 1271 жайт анықталып, әкімшілік хаттама толтырылды.
Оның ішінде: нөлдік төзімділік бойынша – 295, жол ережесін бұзған – 730, одан басқа да 246 жайт анықталды.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі
newstaraz.kz