Шымкентте есірткі саудалаған азаматша 7 жылға бас бостандығынан айырылды
Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық соты есірткі сатумен айналысқан 27 жастағы азаматшаға қатысты үкім кесті.
Азаматша синтетикалық есірткі затын өткізумен айналысқаны үшін кінәлі деп танылды.
Еске салар болсақ, өткен жылдың маусым айында 27 жастағы азаматша «пирролидиновалерофенон» (α-PVP) есірткі затын полиэтилен пакетке салып, 11 000 (он бір мың) теңгеден сатып жүрген жерінен ұсталған еді.
Бұл дерек бойынша, ҚР ҚК-нің 297-бабы 2-бөлігі (ірі мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізуге) қатысты қылмыстық іс қозғалған болатын.
Іс сотқа жолданып, оның барысында аталған азаматшаның кінәсі толығымен дәлелін тапқан. Тиісінше, оған осы баппен 6 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын арқалады.
Айта өтетін ақпарат, аталған азаматша бұған дейін Түркістан облысы Сайрам аудандық сотымен ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігімен (аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) 3 жыл 6 ай мерзімге сотталғаны ескеріліп, осы үкіммен тағайындалған жазаға ішінара қосу арқылы түпкілікті 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі
newstaraz.kz