Шымкенттік полицейлер ұрлық жасаған азаматшаны 2 сағат ішінде анықтады
Қаратау ауданының Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында, өзімен бірге пәтерді жалға алып тұрып жатқан қыздардың бірі сөмкесінің ішінен құны 60.000 теңге тұратын алтын жүзігін ұрлап кеткендігін көрсеткен.
Аталған жайт бойынша, Қаратау АПБ криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында ұрлық жасаған азаматша анықталып, тиісті басқармаға жеткізілді.
Өз кезегінде, Шымкент қаласының полицейлері тұрғындарға жеке мүлкіне сақ болуға шақырады. Егер сіз ұрлықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада «102» нөміріне хабарласыңыз. Сіздің берген ақпаратыңыз, қылмыстың тез арада ашылуына өз септігін тигізетінін ескеріңіз.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі
newstaraz.kz