Шымкенттік полицейлер алаяқтық жолмен 36.000.000 теңгесін иемденіп кеткен азаматты тәулік ішінде ұстады
Қаратау ауданының Полиция басқармасына хатшылық арқылы Қызылорда облысы, Қармақшы ауданының тұрғыны арызданған. Ол өз арызында, Қызылорда қаласының тұрғыны «Iphone» ұялы телефондарын алып келемін деп сеніміне кіріп, алаяқтық жолмен 36.000.000 теңгесін иемденіп кеткендігін көрсеткен.
Аталған жайт бойынша, Қаратау АПБ криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында Қызылорда облысы, Қазалы ауданының тұрғыны анықталып, тиісті басқармаға жеткізілді.
Өз кезегінде, Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері қала тұрғындарын бөгде адамдарға сеніп, алданып қалмауға кеңес береді.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі
newstaraz.kz