Шымкетте оқ атқан өзбекстандық екені анықталды
20 ақпанда түс шамасында Шымкентте ер адам қару-жарақ сататын дүкенге шабуыл жасамақ болған. Оқиға кезінде таратылған видео әлеуметтік желілерде тарады.
Қаланың полиция департаментінің мәліметіне қарағанда, 49 жастағы өзбекстандық аңшылық «Арсенал» дүкенінің сатушысына шабуыл жасаған. Оны тапаншамен қорқытып, мергенші құралын тартып алған. Одан соң көшеге шығып, күзетшіні атқан, ол ауруханаға жатқызылған. Сатушы жеңіл жарақат алғаннан кейін, ауруханаға жатудан бас тартқан.
Оқиға болған жерде тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.
newstaraz.kz