Өскеменде үшем дүниеге келді
Нәрестелердің салмағы аз болғандықтан, қазіргі кзеде олар орталықта дәрігерлердің мұқият қадағалауында жатыр.
Өскеменде Ана мен бала орталығында үшем: екі қыз бала мен бір ұл дүниеге келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат, YK-news.kz жарияланған мақалаға сүйеніп.
Нәрестелердің салмағы аз болғандықтан, қазіргі кзеде олар орталықта дәрігерлердің мұқият қадағалауында жатыр.
«Мамандар нәрестелердің жағдайы жақсы болуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр», — деді Ана мен бала орталығының директоры Рая Рахымова.
Дәрігерлердің мәліметтерінше, анасы балаларын кесарь тілігін жасату арқылы босанған, қазіргі кезде оның жағдайы жақсы.
Фото:inform.kz
newstaraz.kz