Солтүстік Кореяның зымыран ұшыруына байланысты БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі шұғыл жиын өткізді
Бірер күн бұрын Солтүстік Корея баллистикалық зымыран ұшырды.
Басқосуға АҚШ, Жапония және Оңтүстік Корея елдері бастамашы болған, — деп жазады Хабар 24.
— Солтүстік Кореямен соғысуға сылтау іздеген емеспіз. Әлі де ниетіміз жоқ. Бірақ олардың арандату әрекеттері дәл осылай қарқын ала беретін болса, соғыс отының тұтануы ғажап емес. Олай бола қалса, күмәнім жоқ, Солтүстік Корея режімі жойылады, — дейді БҰҰ жанындағы АҚШ-тың тұрақты өкілі Никки Хейли.