Суға шомылмақ болған 19 жасар футболшыны қолтырауын жеп қойды
Эстевао Альберто Жино. Фото: kp.ru
Бұл туралы O Tempo журналы команданың жаттықтырушысы Эди Карвальоға сілтеме жасап мәлімдеген.
Оның сөзінше, спортшы жүгірістен кейін суға түспекші болған.
«Кенеттен қолтырауын пайда болып, оның аяқ тұсынан ұстап, суға әкетті. Қасында болған екі досы айғайды ести сала жетіп келген, алайда ештеңе істей алмаған. Қолтырауынның ұзындығы 5 метрге жетті», — деді Карвальо.
Сондай-ақ ол жас футболшының денесінің табылмағанын да алға тартты. Жино «Атлетико Минейро де Тет» сапында орталық қорғаушысы болған. Команда Мозамбик әуесқой лигасында ойнап келе жатыр.
newstaraz.kz