Сықырлаған аязда жаздық киіммен жүретін әйел жұртты таң қалдырды
Фото: fishki.net
Галинаның айтуынша, өзі тіпті суықты сезбейді екен. Осылайша, ол аурулармен күреседі. Ал бұқаралық ақпарат құралдары болса бойжеткенді нағыз Ақшақар деп атап кеткен.
Фото: fishki.net
Галина Кутерепова қыстың суығына қарамастан тек жеңіл киіммен жүретініне 10 жылдан астам уақыт болған. Ол желідегі парақшасын белсенді түрде жүргізіп отырады. Галина қыста жаздық киміммен серуендеп жүрген суреттерін желіге жиі салып тұрады.
Фото: fishki.net
«Кейбір адамдар менің жаздық аяқ киіммен жүргенімді қарап бірден назар аударады. Олардың ойынша менің аяғым тоңады, алайда тіпті олай емес. Керісінше менің осыдан кейін есту қабілетім жақсарып, көзім жақсы көріп, есту сақтау қабілетім де жақсарды», — дейді Галина.
Фото: fishki.net
Қазір Галинаның жасы 54-те. Алайда күйеуі мен бойжеткен қызы бар әйелді көріп, оны үнемі жас қызға теңеп жатады.
Фото: fishki.net
Галинаның күйеуі де онымен бірге ағзасын шынықтырады екен. Галинаның айтуынша, осылай шынығу арқылы күйеуі қатерлі ісікті өршуінен құтылған.
Фото: fishki.net
Фото: fishki.net
Фото: fishki.net