Новости на Newstaraz.

Түркіменстанда 12 наурызда кезектен тыс президент сайлауы өтеді

newstaraz.kz

12 наурызда Түркіменстанда кезектен тыс президент сайлауы өтеді. Орталық сайлау комиссиясының өкілі сенбі күні осылай деп мәлімдеді.

Бұған дейін президент Гурбангулы Бердімұхамедов отставкаға кететінін меңзеген.

«Президент 12 наурыздағы кезектен тыс президент сайлауына дайындалу туралы бұйрық берді» деді комиссия өкілі Безерген Гарраев AFP агенттігіне.

Бір күн бұрын Бердімұхамедов сенаттың кезектен тыс отырысында «жас басшыларға» жол беруге дайын екенін мәлімдеп, отставкаға кететінін меңзеген. Осыған дейін оның билікті ұлына тапсыруға дайындалып жатқаны туралы түрлі сыбыс тараған.

11 ақпан күнгі сенат отырысы авторитар басшы Бердімұхамедовтің билікте отырғанына 15 жыл толған күні өткен.

«Еліміздің дамуының жаңа кезеңінде мемлекетті басқару тізгінін рухани ортада жаңа заманның жоғарғы талаптарына сәйкес тәрбиеленген жас басшыларға беру керек деген ойды құптаймын» деді ол.

Бердімұхамедов билікті ұлы Сердар Бердімұхамедовке беруге дайындалып жатыр деген сыбыс бір жылдан бері тарап жатыр. Заң бойынша, жасы кемінде 40-қа жеткен адам президент болып сайлана алады. Биыл қыркүйекте 40-қа толатын Сердар Бердімұхамедов президенттіктен үміткер бола алады.

Ол былтыр премьер-министрдің орынбасары қызметіне тағайындалған. Бұл ол атқарып отырған бірнеше ресми қызметтің бірі.

Егер ол әкесінің мұрагеріне айналса, әлемдегі ең ірі шикізат қорына ие болғанына қарамастан Еуразиядағы ең кедей және жабық елдердің біріне айналған мемлекетті басқарады. Елде азаматтардың ақпаратқа қол жеткізу құқығы қатты бақыланады және Ашғабатты сынаған шетелдік ақпарат құралдары бұғатталады. Facebook, Twitter, Youtube сияқты ірі желілер мен тәуелсіз ақпарат агенттіктері ұзақ жылдардан бері жабық.

Жұма күнгі сенат отырысына Сердар Бердімұхамедов те қатысып, 2052 жылға дейінгі ұлттық экономиканы дамыту жоспарын таныстырды. 30 жылдық жоспардың мазмұны жарияланған жоқ және Гурбангулы Бердімұхамедов биліктен нақты қашан кететінін де айтқан жоқ.

Гурбангулы Бердімұхамедов тұсында ел экономикасы тиімсіз басқарылды. Елде жеке басқа табыну күшейді. Мемлекеттік ақпарат құралдары президенттіктің «жетістіктері» – оның көлік жарысына қатысуы мен шығармашылықпен айналысуы сияқты істерін негізгі жаңалық ретінде таратты. Соның салдарынан Бердімұхамедов Батыста келемежге айналды.

Бердімұхамедов 2007 жылы президент Сапармұрат Ниязов қайтыс болғаннан кейін нәтижесі бұрмаланған сайлаудан соң билікке келген. 1991 жылы Совет одағы құлағаннан кейін тәуелсіздігін жариялаған Түркіменстанда бірде-бір сайлау әділ әрі еркін өткен жоқ.

Источник

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »