Тәжікстанда жолаушылар автобусы жардан құлап, алты адам қаза тапты
Иллюстративное фото
Тәжікстанның Соғды облысында жолаушылар автобусы жардан құлап, алты адам қаза тапты.
Журналист Холикназар Жумаев Фейсбук парақшасына «Душанбе-Хожент-Чанак» тас жолында апаттан қайтыс болғандардың бәрі бір ауылдың тұрғындары екенін жазды. Төрт адам жарақат алып, ауруханаға жатқызылған.
Тәжікстанның төтенше жағдай комитеті автобустың 200 метрлік жардан құлап кеткенін мәлімдеді.
Бұл оқиға бойынша тергеу ісі басталған.
newstaraz.kz