Түркістан қаласында «ортағасырлық» ғимараттар бой көтереді
Түркістан қаласының жаңа келбетін қалыптастыру жоспарлануда.
Бұл туралы бүгін Астанада Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов мәлім етті.
«Қожа Ахмет Яссауи кесенесі — ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қарауанда тұрған тарихи ескерткіш. Біз ол кешеннің маңында орналасқан көшелерді қайта жаңартуды жоспарлап отырмыз. Ескі үйлер сырылып, олардың орнына ортағасырлық стильдегі жаңа ғимараттар салынады. Бізде Сауран сазынан материалдар шығаратын кәсіпорын бар. Ол жерге туристер демалатын Керуен сарайы бой көтермек. Мәдениет орталықтары да көптеп салынады. Ол аумақ қаланың тарихи келбетіне сай абаттандырылады. Үлкен жұмыстар жасалады», — деп атап өтті Б.Атамқұлов.
Оның айтуынша, былтыр Оңтүстік Қазақстан облысына 1 миллион турист келген. Олардың дені өңірдің тарихи қалалары саналатын Отырар, Түркістан, Арыстанбаб қалаларына келетін көрінеді.
Автор: Жасұлан Жолдыбаев
newstaraz.kz