Түркістанда емделушілері туберкулез жұқтырған мекеменің басшылары жұмыстан қуылды
Скриншот: ктк арнасы
Онсыз да ақыл-есі кем жандарға туберкулез бір науқастан жұғыпты. Ал мекеме қызметкерлері мұның алдын алмақ түгілі, қарапайым тазалықтың өзін сақтамаған.
«Бұл әлеуметтік-медициналық мекемеде эпидемиологиялық ережелер мүлдем сақталмаған. Сол үшін залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі. Және осы жәйтке байланысты басшыларын да жұмыстан шығардық», — дейді Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.
Қаңтар айында пациенттерді жоспарға сай тексеру кезінде мекемеде өкпе құртын жұқтырған 7 емделуші анықталған. Жағдайды жоғарыға баяндап, Астана мен Шымкенттен келген арнайы комиссия 502 пациенттің 61-не аталмыш дерт жұққанын, ал оның жартысы ашық түрімен ауыратынын біліпті.
Тіпті, үшеуі осы аурудан көз жұмған. Қазір науқастардың барлығы арнайы мекемелерде ем қабылдауда. Ал, еліміздің бас санитары мен вице-министр бастаған мамандар мәселені майшаммен қарап жатыр.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін дәрігерлер Маржан Тұрлыбай жатқан Түркістандағы атышулы мекеменің былығын әшкерелегені туралы жазған болатынбыз.
newstaraz.kz