Түркістанда қыз зорлағаны үшін іздеуде жүрген азамат полицияға өзі келіп берілді
Араға үш ай салып ол қорғаушысымен бірге прокурорға әділдік іздеп келген.
Түркістанда ауыр қылмыс жасап қашып жүрген күдікті өз еркімен қадағалау органы өкілдеріне келді, — деп жазады Stan.kz.
Алайда ол тергеу болып жатқанына қарамастан ізін суытқан. Оны табуға тәртіп сақшылары әрекеттенгенімен, нәтиже шықпапты.
«Мұндай жағдай 17 жылдық тәжірбиемде алғаш рет болып отыр. Ауыр қылмыс жасағаны үшін 3 ай көлемінде іздеуде жүрген адам, заңды өкілімен бірге келді. Ол «Түркістан қалалық прокуратурасы туралы сырттай естіп жатырмыз, біздің іс бойынша әділ бағасын берерсіз деп» прокуратураға өзі келді.