Түркістанның әкімі өз қаражатына 100 адамға ұн таратты
Түркістанның әкімі өз отбасы атынан 100 адамға қайырымдылық жасады. Ұн мен күнделікті тұтынуға қажетті азық-түлік таратты деп хабарлайды NUR.KZ порталының аймақтағы тілшісі.
Түркістан қаласының әкімі Әліпбек Өсербаев әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету шарасында өз отбасы атынан 100 адамға жәрдем беретінін айтқан болатын. Сол игілікті іс Түркістандағы мәдениет үйінде өтті. Шараға қатысушылар алдымен концерттік бағдарламаны тамашалады.
Кейін әрбір азаматқа бір қап ұн және күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түліктер үлестірілді. Сондай-ақ, шара барысында қала әкімі қайырымдылық істі қасиетті Рамазан айының соңына қарай ұйымдастыруының себебін түсіндіріп өтті.
Ондағы мақсат – алдағы келе жатқан Ораза Айт күнін осындағы әрбір отбасы кең дастарханмен қарсы алсын деген ниеттен туындаған.
Еске салсақ, бұған дейін Түркістан әкімі 500-ге тарта тұрғынның басын қосып, ауызашар бергенін хабарлаған болатынбыз. Сонымен қатар Әліпбек Өсербаев NUR.KZ-ке эксклюзивті сұхбат беріп, атқарып жатқан жұмыстары мен отбасы туралы біраз сыр шерткен-ді.
newstaraz.kz