Түркия президенті парламентке өлім жазасын енгізуді ұсынды
Реджеп Тайып Эрдоған. Фото әлеуметтік желіден алынды
Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған елде төңкеріс жасамақ болғандарды жазалау үшін өлім жазасын енгізуді қайта қарастыруды парламентке ұсынды деп жазады rgmedia.kz.
«Үкімет өлім жазасы туралы ұсынысты парлментке жолдайды. Оны парламент құптайды деген сенімдемін. Кейін мен оны ратификациялаймын», — делінген президенттің мәлімдемесінде.
Айта кетейік, Түркия президенті Реджеп Тайып Эрдоған бұған дейін де елде әскери төңкеріс жасамақ болғандарды жазалау үшін өлім жазасын қайта енгізуді құптайтындығын айтқан болатын. Енді ол шындап кіріскенге ұқсайды. Бұл туралы Daily Star басылымы хабарлады.
newstaraz.kz