Түркияда мешіт имамы 38 келі есірткімен ұсталды
Көрнекі фото: ВВС
Желтоқсан айында Анталия қаласында «жанды бомба» жүр деген хабарлама негізінде жергілікті полиция көліктерді тексеру барысында имам көлігінен 9 келі марихуана тауып алған.
Имам жұмыс істейтін мешіт орналасқан Хисарчандыр ауданында тағы да 29 келі марихуана болыпты.
Лачинкая жергілікті тәртіп сақшыларына есірткінің Али Асланбай деген адамның мүлкі екенін, өзінің тек пайдаланушы болғанын айтқан.
Имам берген түсініктеме негізінде Али Асланбайға 10 жыл 10 ай түрме жазасы берілді. Ал өз кезегінде Асланбай имаммен арасында дау бар екенін алға тарта отырып, өзіне жала жабылғанын айтады.
newstaraz.kz