Түрмедегі полицейлердің азабынан үш сотталушы қайтыс болды
Көрнекі фото: turkystan.kz
«2010 жылы елімізде болған БҰҰ-ның арнайы баяндамашысының бағасына сәйкес азаптау жеке оқиғалар аясынан шығып барады. Жыл сайын Қазақстанда жауап алу мен тергеудің қатыгез тәсілдері және қылмыстық жазалауды орындаудағы зорлыққа қатысты 700-ге жуық арыз тіркеледі», — дейді Меркель.
Оның айтуынша, соңғы бес жылда адамдарды азаптаған 140 лауазымды тұлға сотталған.
«Алматыда Слекишина зорланып, оның бала туғаны көпшілікке белгілі. Ақмола, Павлодар облыстарындағы колонияларда соңғы бір жарым жылда азаптаудан үш сотталушы қайтыс болды. Қорлыққа шыдамаған біреуі өз-өзіне қол жұмсаған. Бұндай фактілер қоғамға белгілі болып, бұқаралық апарат құрадары мен интернетте талқыланады. Халықаралық құқық қорғаушы құрылымдардың да назарына ілігеді. 2008 жылдан бастап БҰҰ-ның адамдарды азаптау бойынша комиеті Қазақстанды он шағым бойынша конвенция талаптарын бұзды деп таныды», — деді ол.
Елімізде адамдарды азаптауға жол бермеу үшін «Азаптау жоқ қоғам» жобасы қолға алынбақ. Жобаның мақсаты — қылмыстық процесc пен түрмедегі азаптардың тамырына балта шабатын түбегейлі шараларды жүзеге асыру.
«Жағдайды өзгерту үшін не істеу керек? Біздің ұсыныстар жоспарға енгізілген. Нақты 40 шара көзделген. Жоспар негізгі үш бөлімге бөлінген. Бұл — алдын алу, тиімді тергеу және азап құрбандарын оңалту», — деді бас прокурордың орынбасары.
newstaraz.kz