Тәуекелмен киноға түскен қырғыз актері күллі Лос-Анджелесті күлкіге қарық қылды (видео)
Азамат Тәуекелмен бірге. Фото: instagram
Осыдан бірнеше уақыт бұрын көрерменге жол тартқан «Анамды іздеймін» («В поисках мамы» — ред.) фильмінде танымал актер Тәуекел Мүсіліммен бірге басты рөлді сомдаған қырғызстандық жас актер Азамат Ұланов күллі Лос-Анджелесті күлкіге қарық қылды деп хабарлайды NUR.KZ.
Аталмыш фильмнің түсірілімінен тыс уақытта Лос-Анджелес стадионына футбол көруге барған қос актер естен кетпес оқиғаның куәсі болған. Анығында, Азамат сол оқиғаның «басты кейіпкерін» сомдапты.
Бұл туралы Тәуекел өзінің Instagram парақшасында жариялады.
«Осы сəт əлі есімнен кетпейді. Лос-Анджелесте жүріп, футбол жəне Стивен Джеррардты көруге стадионға бардық. Ойынды күтіп отырмыз, Азамат пен Жеңіс Джеррардты жақынырақ көру үшін стадионның екінші жартысына кетеді. Ал біз болсақ отырған жерімізде қала бердік.
Бір кезде бүкіл стадионның күлген даусы шығады, «не болып қалды» деп артымызға қарасақ үлкен экранда Азамат өз шеберлігін көрсетіп жатыр екен. Сол сəтте стадионда отырғандардың қошеметін көріп, бəріміз (азиаттар) қуаныштан бір марқайып қалдық«, — деп жазды ол.
newstaraz.kz