Тағылған айыпқа келіспеген генерал сотта у ішіп қайтыс болды
Айыпталушы Гаагадағы ауруханаға жеткізілген
Хорват қорғаныс кеңесінің экс- басшысы Слободан Праляк бұрынғы Югославия бойынша Халықаралық трибуналдың Апелляциялық палатасы отырысында у ішті, — деп жазады Stan.kz.
90-шы жылдары Босния мен Герцеговинада қылмыс жасағаны үшін 2013 жылы ұзақ мерзімге сотталған Праляк пен басқа да босниялық хорваттарға шығарылған 2013 жылғы бірінші инстанция үкімі расталды.
Әскери полиция командирі Валентин Чорич 16 жылға, әскери тұтқындарға жауап беруші Берислав Пушич 10 жылға сотталған.
Генералдың адвокаты оның у ішкенін ағылшын тілінде айтқан.Отырыс тоқтатылып, трансляция үзіліп қалды. Кейін БАҚ-да сот залында түсірілген видео жарияланған.
Хорватия президенті Колинда Грабар-Китарович Исландияға сапарын аяқтамай, үкім салдарынан Заргебке қайтып оралған. Бұдан бұрын президент пен басқа да билік өкілдері сотталушыларды жақтаған болатын.
Босния мен Герцеговинада хорваттар, сербтер мен босниялықтар арасында 1992-1995 жылдары қанды азаматтық қырғын болып, 1995 жылы 21 қарашада Дейтон келісімімен тоқтатылған болатын. Қақтығыс кезінде 100 мыңнан астам қаза тапқан. Келісім қазірге дейін күшін жойған жоқ.