Танымал актриса әйелін балталап тастаған еркектен қалай аман құтылды?
Скриншот 31-арнадан алынды
Ол өзінің жеке өмірі туралы сыр шертіп, ел көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берді. Жүргізушінің қорқыныш туралы сұрағына жауап берген актриса өмірінде болған адам сенгісіз жайттан хабардар етті.
«Кісі өлтіргішпен бірге түн ішінде Шымкенттен Алматыға дейін келген күнім болды. Бір кісіге түн ішінде отырғызып жіберді. Жүргізушіге қарап қоямын, тау халқының өкілі екен. Түсі суық, қабағы қатулы екен. Қарап қоям, Жамбылға таяп қалған кезде ол маған қарап «Ты меня не боишься деді. Сөйтсем, ол әйелін балталап тастаған адам екен. Оның әйел адамдарды жек көріп тұрғанын көріп тұрдым», — деген ол қылмыскерден қалай аман қалғанын баяндап берді.
«Оған қарадым да, «неге?» деп сұрақ қойдым. Одан мән-жайды сұрадым. Сөйтсем, оның әйелі көзіне шөп салып зина жасаған адам екен. Оның оқиғасын тыңдап отырдым да, «Сіздің орныңызда болсам дәл солай істер едім», — дедім. Оған ол сияқты еркектер азайып бара жатқанын айттым. Оны түсінгендей болдым», — деп әңгімесін жалғаған ол, ол кісінің өзіне деген көзқарасы өзгере бастағанын айтады.
Дегенмен, әйелін балталап тастаған адам оған тиіспеген, керісінше, оның жақсы ұйықтап алуы үшін көліктің артынан көрпе мен жастық әкеп берген екен.
Қатты қорыққан актриса көрпенің астына тығылып қорқыныштан жылап алғанын айтты.
newstaraz.kz