Танымал дәрігер: Баянның бұрынғы күйеуі — қарынбай, екіншісі — жас жігіттей шымыр
Баян Мақсатқызы
Facebook желісінде белсенділігімен танымал отандық дәрігер Ғабит Нұрханұлы күйеуінің көзіне шөп салып, елдің наразылығына ұшыраған Баян Мақсатқызын қолдап шықты. Ол Баянның бұрынғы және қазіргі күйеуін өзара салыстырып, олардың қайсысы артық деген сұраққа медицина тұрғысынан жауап беріп көрді деп хабарлайды NUR.KZ.
Бұл жазбасын «Тірі жесірлер» деп атаған ол Баянның күйеуінің көзіне шөп салуына Бақытбектің өзін кінәлады.
«Айта беріп сіңірі шығып кеткен əңгіме болса да, ойымда жүрген соң айта салайын. «Мақсаттың қызы күйеуінің көзіне шөп салыпты» деп кезінде (əлі де) шулаған едік. Бұл туралы журналистің сұрағына ол «Француздардың мақалы бар. Егер еркекке əйелі шөп салса, демек, өзі кінəлі» деп бір ауыз сөзбен түсіндірді.
Мен бұл жөнінде онымен толығымен қосыламын. Егер қазақ əйелі (басқалары да солай шығар) басқа біреумен ұсталып қалыпты деп естісеңіз, кінəрат 80% күйеуінде. Себебі əйелдер үшін күйеуінің көзіне шөп салу — бұл амалдың жоғының ең соңғы жолы. Ал еркектер үшін бұл «раз плюнуть» нəрсе», — деген ол мұның себебін медицина тұрғысынан түсіндіруге тырысты.
«Оның экс күйеуі мен жаңа күйеуін салыстырып қарайық. Ескі күйеуі семіз (қарынбай) дəу қара + алкоголизм. Ал жаңасы шымыр денелі жас жігіттей, спортзалдан шықпайтына 100% сенімдімін. Семіздікке алкоголизм қосылса, еркектер үшін мұндай əрекеттер 70-80% белсіздікке алып келеді. Ал белсіздік психиканың бұзылуына əкеледі.
Яғни, өздерін де еш нəрсе шықпаған соң, ашуланып басқа біреулерге тиісіп, өшін біреулерден, əдетте əйелдерінен алып жатады. Осыдан келіп, 20-30 жыл бірге тұрып, қартайғанда ажырасулар басталады», — деді ол.
«Мұндай «қайғы» қазір 40 асқан көптеген отбасылар арасында бар. Яғни куйеуі бар, бірақ бірге жатпайды жатса да жылдап жыныстық қатынас болмайды. Шартты түрде «Тірі жесірлер» деп алайық.
Əйелдер қанша жерден шыдамды десек те, бір жыл, екі жыл, үш жыл, тіпті кейде одан да көп шыдау мүмкін емес. Əйелдер (қазақ болсын орыс болсын) шөп салуға ең соныңда амалы жоғынан барады, еркектер керісінше кез келген шанста шөп салып кетеді», — деп жазды ол.
newstaraz.kz