Танымал сазгер бақуатты кісінің көңілдесі болып жүрген әнші қыздар туралы айтып берді
Қалдыбек Құрманәлі. Фото: www.qazaquni.kz
Бұл туралы ол «Хабар» арнасындағы «Біздің үй» бағдарламасында айтты.
Бағдарлама барысында өзінің әкесіндей адамға көңілдес болудан қашпайтын, керісінше соған ұмтылатын қыздар туралы да сөз қозғалды.
Осыған қатысты эфирге қонақ ретінде шақырылған сазгер ондай қыздар журналистер арасында да, әншілер мен ел алдында жүрген қыздар арасында да жетіп артылатынын тілге тиек етті.
«12 әншіге Алматыдан бір-бір коттеджден алып берген кісіні танимын. Ол қыздардың барлығы қазақ эстрадасында ел алдында жүргендер», — деп ашық айтты ол.
newstaraz.kz