Ташкентте анасы тарапынан аюдың апанына лақтырылған қыз құтқарылды
Ташкентте хайуанаттар бағында өз анасы тарапынан аюдың апанына лақтырылған үш жастағы қыз құтқарылды. Бұл туралы зоопарктың баспасөз қызметі хабарлады. Оқиға 28 қаңтарда болған.
«Зузу атты аю ақырын түсіп, қыздың жанына келіп, оны иіскеп, кетіп қалған. Қыз жануардан емес, бес метр жерге құлағаннан зардап шеккен», – деп айтылады мәлімдемеде.
Ресми мәліметке қарағанда, жануарлар бағына келген адамдар әйелді тоқтатып алуға әрекет жасағанымен, ол қызын жыртқыш аңның алдына лақтырып үлгерген.
Қазір құқық қорғау органдары оқиғаның себебін зерттеп жатыр. Әйелге қарсы “Арнайы кісі өлтіруге әрекет жасау” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қыз дәрігерлердің бақылауында. Ташкент зоопаркі қызға медициналық жәрдем көрсету үшін барлық шығынды төлеп беретінін мәлімдеді.
newstaraz.kz