Ташкентте тхэквондо құрамасының бұрынғы бапкерін пышақтап кетті
Ташкентте тхэквондо құрамасының Оңтүстік Кореядан келген бұрынғы бапкерін отандастары пышақтап кетті. Бұл туралы қалалық милицияның баспасөз қызметі хабарлады.
Мәліметке қарағанда, биыл 15 маусымда Оңтүстік Кореяның 44 жастағы тұрғыны К.Д. арақ ішіп, Taekwondo WTF қауымдастығында бапкер болып істейтін 39 жастағы К.Ж.Ю.-ді пышақтаған.
Жәбірленуші ауруханаға жеткізген, бірақ ертесіне пышақ жарақатынан қайтыс болған.
Ташкент милициясының тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті қамауға алынды.
Тергеу жүріп жатыр.
Источник