Новости на Newstaraz.

Тасмағамбетов: Қазақ тілі деген халықтың жаны, бұдан артық айта алмайсың

newstaraz.kz

Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Иманғали Тасмағамбетовтен Астанада өткен республикалық жастар форумының пленарлық отырысында қатысушылар еліміздегі үш тұғырлы тіл саясатына қатысты пікірін сұрады деп хабарлайды Skifnews.kz порталы.

Вице-премьердің айтуынша, орыс тілі кешегі отаршылық заманнан бастап қанымызға сіңген тіл. Ол халқымызға әлемнің білім есігін ашқан тіл. Сондықтан, бұл бәрімізге түсінікті нәрсе.

«Ал, ағылшын тілі бұл болашақтың тілі. Жалпы техника, технология, өркениеттен қалмаймыз десек, міндетті түрде ағылшын тілін білуіміз керек. Бұл тіпті шартты түрде білуіміз керек. Оны біреу түсінуі мүмкін, біреу түсінбеуі мүмкін. Бірақ жастар, сіздер шетте оқып келген жастар, басқа мемлекеттерде тіл мәселесі қалай дамыды, зерттеу жұмыстары, технологиялар, тағы басқамен танысып келген жастар оны білесіздер, түсінесіздер. Сіздер қолдайсыздар деп білемін», — деді Иманғали Тасмағамбетов үштұғырлы тіл саясатына қатысты жауабында.

Вице-премьер тіл саясатына келгенде өзекті болып отырған мәселе – ол ана тілінің дамуы жөнінде екенін айтты. Ол осынау 25 жылдың ішінде Елбасының тапсырмасы бойынша үкімет қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту үшін біршама жұмыстар атқарғандығын атады.

«Біріншіден, заң қабылданып, қажетті қаражат бөлінді. Мамандар дайындалды. Бүгінгі күні қарап отырсаңыздар, парламенттегі жаппай жиындардың барлығы қазақ тілінде өтеді. Үкіметтің мәжілісі қазақ тілінде өтеді. Бірақ, бір нәрсе түсініксіз. Біз осы күнге дейін, қазақ тілі өзге емес, өзімізге керек екенін түсінбей келеміз. Жалпы қазақ тілі деген халықтың жаны. Бұдан артық айта алмайсың», — деп мәлімдеді премьер-министрдің орынбасары.

Тасмағамбетов жиналған жастарға тіл мәселесі көтерілгенде елбасының 25 жыл бойы айтып жүргені – ол ең алдымен «қазақтың қазақпен қазақша сөйлесуі» екенін айтты.

«Міне мәселе осында. Біз өз тілімізді өзіміз құрметтесек, біз оған шын мәнінде жанашырлық білдірсек ғана тілдің болашағы болады. Тіл бар жерде қазақ бар. Тіл жоқ жерде қазақ жоқ. Сондықтан тіл мәселесіне келгенде бар сенетініміз – жастар, сіздер», — деп қадап айтты Иманғали Тасмағамбетов.

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »