Тайваньдық миллионердің қызына үйленген қазақ жігіті кім? (фото)
Фотоколлаж: theopenasia.net
1. Тоғжан Ізбасарова және «Шанель» империясының мұрагері Дэвид Вертхаймер
Дэвид пен Тоғжан өткен жылдың наурыз айында Швейцарияда екі рет той жасаған: біріншісі — қазақы салт-дәстүрмен киіз үйдің ішінде, екіншісі — Мұз сарайында шетелдік стильде. Тұрмысқа шықпай тұрып Тоғжан Алматыдағы менеджмент және экономика институтында «журналистика» мамандығы бойынша білім алған. Қазір ол Женевадағы «Вебстер» университетінде оқуын жалғастыруда.
2. Тайваньдық миллионердің қызы мен қарапайым қазақ жігіт
Facebook қолданушысы Айдан Кәрібжановтің жазуынша, күйеу жігіт қазақстандық болмағанымен, Қытайдың Құлжа қаласында тұратын қазақ. Тайваньдық миллионердің қызы Құлжаға қыдырып келгенде қарапайым қазақ жігіті оның жанында гид болып жұмыс істеген. Жігіттің сыпайылығы мен тәрбиелілігіне сүйсінген тайвандық қыз оған бірден ғашық болып, әкесіне оған тұрмысқа шыққысы келетінін айтады. Қызының таңдауын қолдаған миллионер Құлжаға арнайы келіп жігіттің отбасымен танысқан. Қазақтардың қонақжайлылығына, кеңпейілділігіне және қарапайымдылығына тәнті болған ол қызын беруге келіседі.
3. Данияр Кесікбаев және Малайзия премьер-министрінің қызы
Данияр Кесікбаев — Болат Назарбаевтың жары Майра Құрманғалиеваның баласы. Ол Нью-Йорктегі Колумбия университетінде білім алған. Жас жігіт Малайзия премьер-министрінің қызына 2015 жылдың наурыз айында үйленді. Олардың тойлары Қазақстанда және Малайзияда өткен. Алматыда болған тойға Малайзия премьері Наджиба Разака арнайы келді. Сондай-ақ, Қазақстанның пермьер-министрі Кәрім Мәсімов, Алматы қаласының экс-әкімі Ахметжан Есімов және көптеген зиялы қауым өкілдері тойға шақырылған.
4. Диас Атамқұлов және Саравака (Малайзия) премьер-министрінің немере қарындасы
Малайзиялық атақты адамдардың туысқандарына үйлену дәстүрін бастаған жігіт — бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің баласы Диас Атамқұлов болатын. Ол Малайзияның Саравак штатының премьер министрі әпкесінің қызы Алия наташа Дженейд есімді аруға 2013 жылдың жазында үйленген. Оның әкесі Бейбіт Атамқұлов бірнеше жыл Қазақстанның Малайзиядағы елшісі қызметін атқарды. Жас жұбайлар 2011 жылы болашақ қалыңдықтың анасының туған күнінде танысқан.
newstaraz.kz