Новости на Newstaraz.

Тоқаев ең төменгі жалақы 40 пайызға көтерілетінін айтты

newstaraz.kz

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ең төменгі жалақыны көтеру керектігін мәлімдеді.

1 қыркүйекте парламентте «халыққа жолдауын» жариялаған президент келесі жылы ең төменгі жалақыны 42500 теңгеден (шамамен 100 доллар) 60 мың теңгеге дейін көтеруді тапсырды.

«Ең төменгі жалақы 2018 жылдан бері көтерілмеді. Әлемдегі коронавирус дағдарысы халықтың табысын тарылтты. Қазақстан ең төменгі жалақы деңгейі бойынша ТМД-ның бірқатар елдерінен қалып қойды», — деп мәлімдеді Тоқаев.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет банкирлерге көмектеспеуі керек деп, бұғатталған активтерді экономикалық айналымға қайтару қажетін айтты.

«Стресті активтер деңгейін төмендету жұмыстарының маңызы зор. Біз мемлекет банкирлерге көмектеспеуі керек деген шешім қабылдадық. Сондай-ақ бұғатталған активтерді экономикалық айналымға қайтару қажет, бірақ мұны нарық негізіне сүйеніп қана жасау керек. Ол үшін заң базасы қажет. Үкімет Қаржы нарығын реттеу агенттігімен бірге жылдың соңына дейін парламентке заң жобасын енгізуі қажет» деді Тоқаев 1 қыркүйек күні парламент палаталарының бірлескен отырысында.

Қазақстан 2008-2009 жылдардағы қаржы дағдарысы кезінде екінші деңгейлі банктерге бюджеттен 10 миллиард доллар шамасында көмек көрсеткен. Осыдан кейін Қазақстанның сол кездегі президенті Нұрсұлтан Назарбаев жекеменшік банктерге мемлекет ақшасын беруді тиімсіз деп атап өтіп, бұл тәжірибені тоқтату қажетін айтқан.

«Біз оларды әрдайым қорғаймыз. Әрдайым. Бұл жеке банктер, жеке адамдар «біз үлкенбіз, баймыз» деп мақтанды. Енді олар қазір қайда? Мемлекетке қол жайып келіп отыр. Көмектес, несиемізді құтқар дейді. Неге бердік? … Жоқ, мұндай банктерге көмек жоқ» деді Назарбаев 2014 жылы Ұлттық банктің сол кездегі басшысы Қайрат Келімбетовке.

Бірақ 2017 жылы Назарбаев тұсында мемлекет екінші деңгейлі банктерге тағы 10 миллиард доллар бөлді.

Тоқаев Қазақстанда екі жылда елеулі саяси өзгерістер жасалды деп мәлімдеді.

«Алдын ала хабарлау арқылы бейбіт жиын өткізуге мүмкіндік беретін заң қабылданды, саяси партиялардың мәжіліске үшін қойылған меже 5 пайызға дейін түсірілді, сайлау бюллетеніне «бәріне қарсымын» деген пункт қосылды. Осы және басқа да қадамдар қоғамда белсене қолдау тапты. Бұл бастамалар демократияны нығайтып, саяси жүйеміздің сапасын арттырады, азаматтарды мемлекетті басқару ісіне араластыруға оң ықпал етеді» деді Тоқаев

Президенттің сөзінше, саяси өзгерістер әрі қарай жалғастырылады, бірақ мемлекеттің өзіне тән ерекшелігі ескеріле отырып әрі қарай жалғасады.

Сарапшылар Тоқаевтың осыған дейін мақтан тұтқан өзгерістердің болмашы екенін айтады. Олардың сөзінше, бейбіт жиындар туралы заң қабылданғанымен жиын өткізу үшін әлі де билік рұқсаты керек. Сондай-ақ, партия құру талаптарына өзгеріс енгізілгенімен, шектеулердің Қазақстан жағдайында әлі де ауыр екенін айтады.

Источник

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »