Новости на Newstaraz.

Тоқаев Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында рақымшылық заңына қол қойды

newstaraz.kz

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 7 желтоқсанда «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына байланысты рақымшылық туралы» заңға қол қойды.

Аталған заң орта және жеңіл қылмыстар үшін сотталғандарды мерзімінен бұрын бостандыққа шығаруды көздейді. Сонымен бірге ауыр және аса ауыр қылмыспен сотталғандардың жаза мерзімін азайтады. Заң ең алдымен ардагерлерге, кәмелеттік жасқа толмағандарға, зейнет жасындағы әйелдер мен ер азаматтарға және бірінші, екінші топтағы мүгедектер мен қоғамға аса қауіп тудырмайтын азаматтарға жеңілдік жасайды.

Осыған дейін ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың мәліметі бойынша, рақымшылыққа 14 мыңнан астам адам ілігуі мүмкін. Түрмеден мыңнан астам адам босатылатын болса, 3,8 мың адам пробация қызметінің тіркеуінен шығарылады. Сонымен бірге тоғыз мыңға жуық сотталушының жаза мерзімі қысқартылады.

Қазір Қазақстанның 64 колониясы мен 16 тергеу абақтысында 34 мыңнан астам адам отыр. ІІМ мәліметіне сәйкес, олардың 93 пайызы ауыр және аса ауыр қылмыспен сотталғандар. Бұдан бөлек 32 мың адам пробация қызметінің тіркеуінде тұр.

Источник

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »