Тоңазытқыштан табылған сәбилердің денесін атасы Ташкентке алып кетті
Тоңазытқыштан табылған сәбилердің денесін Ташкенттен келген атасы алып кетті. Ал олардың ағасы 3 жасар Рамиль әлі дәрігерлердің бақылауында. Оны да алып кету үшін қария атасы екенін құжат жүзінде растап беруі керек.
Қайтыс болған егіз сәби, Рамиль және әкелері мен атасы. Фото: туысқандарының жеке мұрағаты
Рамильдің денсаулығының дұрыстығына әбден көз жеткен соң ол қорғаншылық және қамқоршылық органына тапсырылады. Сөйтіп, балалар үйіне өткізілмек.
Айта кетсек, бүлдіршін он күн бұрын Алматыда далада қаңғып жүрген жерінен табылған болатын. Анықтай келгенде, ол тоңазытқыштан өлі күйінде табылған егіз сәбидің ағасы болып шықты.
Ал, ағайынды сәбилер қыркүйектің жетісінде өлтірілген.
Ата-анасы оның алдында пәтер иесімен бірге арақ ішіпті. Сол кезде балалардан құтылмаққа келіскен. Сөйтіп, Анна Волченко үлкен ұлы Рамильмен бірге қыдыруға кеткенде Эмиль Гильмутдинов оңашада жазықсыз балаларды өз қолымен тұншықтырып өлтіріпті.
Сөйтіп, мәйіттерін тоңазытқышқа тығып тастаған болатын.
«Атасы өзінің туысқандығын дәлелдемеді. Дәлелдеген уақытта біздің Қазақстан Республикасының заңына байланысты Өзбекстаннан қажетті құжаттарды алып келеді. Содан кейін барып, баланың құжаттарын тапсырған уақыттан кейін бұнымен шұғылданады», — Әуезов аудандық білім бөлімінің басшысы.
newstaraz.kz