Трамп АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы етіп мұсылманды тағайындауы мүмкін
Дональд Трамп
Америка Құрама Штаттарының келесі мемлекеттік хатшысы мұсылман болуы мүмкін. Бұндай болжамды америкалық New York Times басылымы жариялап отыр деп хабарлайды Muslim.kz.
Басылымның хабарлауынша, аталмыш лауазымға үміткер ретінде Трамп ауғанстандық Залмай Халилзаданы жөн көріп отырғанға ұқсайды. Бұған дейін БҰҰ-да АҚШ-тың тұрақты өкілі қызметін атқарған Халилзада да республикалық партия мүшесі болып табылады.
Президенттікке қолы жеткен Трамп енді өз маңайына жақтастарын жинауға кіріскен. New York Times газеті оның қорғаныс министрі, АҚШ ұлттық барлау қызметі директоры, сондай-ақ бірқатар министрліктер басшыларын іріктеп жатқанын жазады.
newstaraz.kz