USAID Орталық Азияда бюджеті 19 миллион долларлық жаңа бағдарлама бастады
АҚШ-тың халықаралық даму агенттігі (USAID) Орталық Азияда жаңа бағдарламасын іске қосады. Бұл туралы АҚШ-тың Қырғызстандағы елшілігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ақпаратқа қарағанда, 19 миллион доллар бюджеті бар бес жылдық бағдарлама Орталық Азияда сауда саласында өзара қарым-қатынасты жақсартуға бағытталып, Қырғызстан, Қазақстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстанды қамтиды.
АҚШ елшілігі мәлімдегендей, жоба аясында салық және шекара бақылауындағы жол жобаларды бір-біріне сәйкес келтіру, экспорттық қызметтерді, шетелдік компаниялардың сапарларын көбейту жоспарланған.
Қырғызстанда бұл бағдарлама экономика және коммерция, көлік және коммуникация министрліктері, Мемлекеттік кеден қызметі және сауда-өндіріс палатасымен бірлесіп іске асады.
newstaraz.kz