Новости на Newstaraz.

Ұялы байланыс абоненттерінің қызмет көрсету ережесіне өзгерістер енгізілді

newstaraz.kz

Жаңа ереже байланыс операторларына жеке шотта қаражат болмаған жағдайда қызмет көрсетуге тосқауыл қояды.

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев facebook-тегі парақшасында Байланыс қызметін көрсету ережесіне жаңа өзгертулер енгізіліп жатқанын мәлімдеді, — деп жазады  Stan.kz.

Оның айтуынша, бұл өзгертулер ұялы байланыс абоненттері көптен бері айтып жүрген бірқатар проблеманы шешуге бағытталып отыр.

“Жаңа ереже байланыс операторларына жеке шотта қаражат болмаған жағдайда қызмет көрсетуге тосқауыл қойып отыр. Бұл — негізінен роуминг қызметіне қатысты. Осылайша, біз абоненттік номердің “минус” болуының, яғни қарыз болып қалуының алдын аламыз”, — деп түсіндірді Абаев.
Сондай-ақ, министр бұдан былай ауыстырылған номерге қоңырау шалу кезінде “beep” қосу сигналын еріктен тыс орнату практикасы жойылатынын атап өтті. Енді шақыру сигналының алдында қосымша акустикалық сигналдар мен паузаларды орнату абоненттің өтінішімен ғана іске асады.

“Сонымен қатар, абонентке ussd команда немесе смс жіберуді енгізу арқылы қосымша байланыс қызметтерін таңу проблемасы да шешілді. Енді клавишті қателесіп басу, кездейсоқ хабарлама жіберу немесе басқа да байқаусызда болған әрекеттер салдарынан қажетсіз қызметтерге қосылып кетпейсіз”, — деп түйіндеді ол.
Жақын уақытта құжаттың толық мәтіні БАҚ-та жарияланады, осыдан кейін 10 күннен соң ол күшіне енеді.

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »