Қырғыз елі Қазақстаннан көмекке алған 41 млн долларды қайда жұмсамақшы?
Қазақстан-Қырғызстан. Көрнекі фото: knews.kg
2017 жылдың 22 тамыз күні «Ыстық көл — 2017» экономикалық форумы барысында Қырғызстан экономика министрінің орынбасары Алмаз Сазбақов пен Қазақстан қаржы вице-министрі Қанат Баеділов Қырғызстанға көмекке 41 миллион доллар қаражат беру туралы құжатқа қол қойды.
Қазақстан тарапынан 41 миллион доллар көлемінде жолданған техникалық көмек келесі салаларға жұмсалады:
«Мемлекеттік кеден қызметіне шамамен $3 млн 286 мың, Денсаулық сақтау министрлігінің ауруды алдын алу және мемлекеттік санэпидембақылауына $5 млн 199 мың, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және медициналық техника департаментіне $1 млн 863 мың, мелекеттік байланыс қызметіне $553 мың, өртке қарсы қызметке $749 мың, стандартизация және метрология орталығына $4 млн 622 мың және өзге де шығындар», — делінген хабарламада.
newstaraz.kz