Қырғызстан президенттігіне үміткерлердің жетеуі бұрын сотталған болып шықты
Қырғызстан. Фото: zanoza.kg
Оның айтуынша, үміткердің бірі алаяқтық жасағаны үшін екі мәрте сотталған, бірақ жазасын өтеп шыққан.
«Біздің заңдар либералды болғандықтан, жазасын өтеп шыққандар президенттікке үміткер атана алады. ОСК заңмен жұмыс істейді», — деді Шайлдабекова.
Оның айтуынша, президенттікке үміткер 59 адамның жетеуі әйел. Сегіз үміткер мемлекеттік қызметте, жетеуі — коммерциялық ұйымдарда, 29-ы коммерциялық емес ұйымдарда істейді. Тоғыз үміткер уақытша жұмыссыз, алтауы — зейнеткер.
ОСК президенттікке үміткерлерді тіркеу үшін құжат қабылдауын аяқтады.
Служба новостей Центральной Азии
newstaraz.kz