Қырғызстанда үшінші революция бола ма?
Фото: qazaqtimes.com
2005 жылғы наурыз айында «Қызғалдақ төңкерісі» деген атпен болған танымал оқиға құрбандарына арнап тұрғызылған ескерткіштің ашылу салтанатында Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев «елде үшінші революция болмайды» деп мәлімдеді. Бұл туралы Орталық Азия хабар қызметіне сілтеме жасап Qazaqtimes жазады.
«Владимир Путинмен бірге өткізген баспасөз мәслихаты кезіндегі менің қалжыңым сәтсіз шыққан сияқты. Бірақ Қырғызстанда үшінші революция болмайды. Маған сеніңіздер. Қазір мүлдем басқа елміз. Революция жасауға негіз жоқ. Егер кімде-кім елді дүрбелеңге салғысы келеді, заң алдында жауап береді. Ойын уақыты аяқталды», — деді Атамбаев.
28 ақпанда Ресей президенті Владимир Путин Бішкекке ресми сапармен келген кезде, Алмазбек Атамбаев революцияларға «нүкте қойылды» деген болатын. Қырғызстанның осыған дейінгі екі президенті — Асқар Ақаев пен Құрманбек Бакиев — үкіметке қарсы наразылық акциясынан кейін биліктен шеттетіліп, екеуі де шетелге қашып кеткен.
newstaraz.kz