Қырғызстанда сотталған экс-депутатты әкесін жерлеуге жібермей қойды
Қырғызстанның Жоғарғы соты бұрынғы депутат Садыр Жапаровқа әкесін жерлеуге баруға рұқсат бермеді. Бұл туралы саясаткердің әйелі Айгүл Жапарова хабарлады.
Садыр Жапаровтың әкесі 20 қыркүйек күні 84 жасқа келіп қайтыс болды. Оны жерлеу рәсімі 22 қыркүйекте Тюп ауданының Кенсуу ауылында өтеді.
21 қыркүйектегі парламент отырысында депутат Талант Мамытов Жапаровқа әкесін жерлеуге барып келуге рұқсат беруге шақырған.
3 тамызда Бішкек қаласының Первомай аудандық соты бұрынғы депутат Садыр Жапаровты 11 жарым жылға колонияға жапты. 15 қыркүйекте алғашқы инстанциядағы сот үкімі күшіне енді.
Жапаровты 2013 жылы Ыстықкөл облысында митинг өткізіп, облыстық бұрынғы губернаторын кепілге алғаны үшін айыпты деп тапты.
Служба новостей Центральной Азии
newstaraz.kz