Қытай елшісі: ЭКСПО кезінде қытайлықтарға жатын орын жетіспеуі мүмкін
Қытайлықтар. Фото интернет желісінен
«Дәл қазір Астанадағы ЭКСПО-ға келетін қытайлықтардың нақты санын айта алмаймын. Дегенмен, біз өзіміздегі туристік агенттіктерді осы жұмысқа жұмылдырып, өзара байланыс орнатып алдық. Ол — бір. Екіншіден, қытайлық туристер псиxологиялық жағынан Қазақстанға келуге әзір. Былайша айтқанда, олар Қазақстанға баруды асыға күтіп отыр, көрші әрі дос болып отырған мемлекетке келуге ниетті…», — дейді Ханьxуэй.
Оның айтуынша, қазіргі кезде ЭКСПО-ға барамын дейтін қытайлықтар келіп, тіркеу рәсімдері, тамақ пен жатын орындары жайында жиі сұрайды.
«Мен оларға «отель жағынан қиын болатын сияқты, себебі көрмеге біраз делегациялар келейін деп жатыр» деп айтамын», — деді елші.
newstaraz.kz