Қытай тарихында тұңғыш рет қазақ ұлтының өкілі депутат болып сайланды
Бүкілқытайлық халық құрылтайы 13-кезекті тұрақты комитетінің бірінші жалпы мәжілісі 5 наурыз күні Бейжің қаласында өтеді.
Қытайдың жоғары заң шығарушы органы — Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының (БХӨЖ) 13-шақырылымына 6 қазақ депутат болып сайланды, деп хабарлайды Today.kzҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Синьхуа агенттігінде жарияланған депутаттардың толық тізіміне Қытайда тұратын қазақ ұлтының 6 өкілі кірді. Олардың бесеуі Шынжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінен, біреуі Қытай Халық-Азаттық Армиясының өкілі ретінде сайланды. Оның есімі — Мақпал, тегі жарияланбай отыр.
Айта кетейік, Қытай Халық-Азаттық Армиясының өкілі ретінде қазақ депутатының сайлануы Қытай тарихында тұңғыш рет тіркеліп отыр. Ал бұған дейінгі 12-шақырылымға Шыңжаң өлкесінен 5 қазақ депутат сайланған болатын.
Еске сала кетсек, 24 ақпан күні Бүкілқытайлық халық құрылтайының 12-кезекті тұрақты комитеті барлық 2980 депутаттың тізімін бекітті. 13-шақырылым өкілеттігі 2018 жылғы наурыздан 2023 жылға дейін созылады.
Дауыс беру ел бойынша ашылған 35 сайлау учаскесінде жүріп, Қытайда өмір сүретін 55 ұлттан 438 депутат сайланды. Бүкілқытайлық халық құрылтайы 13-кезекті тұрақты комитетінің бірінші жалпы мәжілісі 5 наурыз күні Бейжің қаласында өтеді.
newstaraz.kz