Қытайда үшінші бала тууға рұқсат берілуі мүмкін
Бұл халық санын 2030 жылға қарай 1,45 миллиардқа дейін жеткізуі мүмкін.
Жыл сайын наурыз айында өтетін жалпықытайлық жиында қытайлық заң шығарушылар болашақ әлеуметтік реформаларды талқылайды. Атап айтқанда, ерлі-зайыптыларда үшінші баланың болуына рұқсат берілуі мүмкін, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Риа Новости сайтына сілтеме жасап.
2015 жылдың күзінде Қытай билігі 70-ші жылдардың соңынан бері енгізілген «бір бала» саясатын жою туралы шешім қабылдаған болатын. Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің айтуынша, бұл шешім халықты теңдестіруге және елдің дамуын қамтамасыз етуге көмектеседі.
Ал, үшінші баланың рұқсат етілуіне байланысты ұсынысты Қытайдың Гуандун провинциясының өкілі, адвокат Чжу Леюй бастады. Ол халықтың тұрғылықты саясатында тепе-теңдік қамтамасыз етілмесе, Қытай туудың төмен деңгейі бар елге айналуы мүмкін деген алаңдаушылық танытты.
«Бір отбасы- бір бала» саясатының оң әсер етуін күту мен жойылуының арасында үлкен айырмашылық бар. Бұл халықтың өсу қарқынын арттырмай, керісінше, бала туу деңгейінің төмендеуіне алып келді», — деді Чжу Лею
й.
Мемлекеттік Статистикалық бюроның мәліметтері бойынша, 2017 жылы Қытайда 17,23 млн бала дүниеге келген. Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 630 мыңға аз болып, 0,52% төмендеген. Сонымен қатар, 2016 жылғы туу көрсеткіші 2000 жылдан бастап ең жоғары болды. Бірақ сарапшылар бұл құбылысты тууға шектеу қойғанға байланысты емес дейді. Олар 2015 жылғы қытайлық жұлдыз жорамалдың белгілеріне байланысты жұптар балалы болғысы келмеген деп санайды. Себебі 2015 жылдың символы қой болған, ал Қытайда қой жылы баланың тууы үшін ең қолайсыз жыл деп есептеледі.
Өз кезегінде, демографиялық мәселелер бойынша сарапшы Хуан Вэньчжэннің айтуынша үшінші баланы тууға рұқсат беру елдегі туу деңгейінің төмендеуіне байланысты проблемаларды шешпейді. Оның мәлімдеуінше, Қытай бала тууды жоспарлауға қатысты саясаттан толық бас тартуы керек.
Сонымен қатар, Қытай билігінің алдын ала есептеуі бойынша, 90 миллионға жуық отбасы әлі де «екі бала саясатына» кіреді. Бұл халық санын 2030 жылға қарай 1,45 миллиардқа дейін жеткізуі мүмкін.
newstaraz.kz