Қытайда жеті келілік алып бала дүниеге келді (фото)
Кан. Фото: metro.co.uk
Кан есімді балақайдың бойы — 58 см, ал дүниеге келгендегі салмағы — жеті келі. Нәрестенің 35 жастағы анасы диабетке әрі семіздікке шалдыққан. Шектен тыс тамақ жей берген анасының құрсағындағы сәбиі де тым көп салмақ жинап алады.
Бір қызығы қытайлықтар әйелді жүктілік кезінде барынша молынан тамақтандырады екен. Олар алып баланың дүниеге келуін мақтан тұтады. Дегенмен дәрігерлер мұндай әрекеттердің бала денсаулығына зиян тигізетінін ескертеді.
Ал Канның анасы болса, алып баласының фотосымен бөлісіп, жақындары мен тұрғындардың мақтауына ие болуда. Ол ұлы дүниеге жеті келілік болып келгенін бақыт деп біледі.
newstaraz.kz