Қыздардың жалаңаш жүруі еркектердің денсаулығына зиян болып шықты
Қазіргі таңда қыз-келіншектердің ашық-шашық киінуі күн сайын көз көріп жүрген қалыпты жағдайға айналды. Ал сол жалаңаштанудың «өз иесімен» қоса, айналасындағыларға аса қауіпті екенін білеміз бе?
Асыл сөз порталының хабарлауынша, «Әйелдердің «барын» көрсетіп жүруі – ер адамдардың құмарлығын оятып, «жыныстық стресс» туындатады, соның әсерінен ауыр ішкіоргандық «жыныстық кері қайту» комплексі іске қосылады, ал ол – импотенция мен рак ауруларына алып барады» дейді дәрігерлер.
Қазіргі таңда аденома мен простата рагына шалдыққан ерлердің саны күн сайын артуда (әлем бойынша ер адамдардың 40 %-ы осы ауруға шалдыққан). Бұл әсіресе, шешіну «сәнге» айналған Еуропа елдерінде кең тараған (біздің еліміз де шет қалмайды).
Орта есеппен, . Ойы бұзылған оның құмарлығы қанағаттанбағандықтан, ағзасы ішкі канцерогендік, қиратушы шабуылға тап болып, онкологиялық ауруларға ұшырап тынады. Ақырында, 40 жасқа жетпей жатып ұрпақ сүю қабілетінен айырылады.
Осылайша, көшеге жалаңаштанып шыққан қыз-келіншектер өз денсаулықтарын құртумен қатар, ер адамдардың денсаулығына да қабір қазуда. Дәл осылай жалғаса берсе, ұрпақ сүюден қалған кез келген елдің түп-тамырымен жойылатыны анық.
Ал дінімізде әйелдің ашық-шашық киінуіне тыйым салынған. Оларға (харамға) қараған ер адамдар да үлкен күнәға бататыны айқын нәрсе.
newstaraz.kz