Қызуқанды әке күйеуге шығамын деген 17 жастағы қызын ұрып, шашын тақырлап тастаған
Көрнекі фото: Mialita
Болған оқиғаның мән-жайы былай болған: қыз сүйіктісінің тұрмыс құру ұсынысына келісімін бергенін айтып әкесіне келеді. Алайда әкесі бұл некеге үзілді-кесілді қарсы болған.
Туыстары тарапынан құқық қорғау органдарына шағым жазылғаннан кейін қыздың әкесіне қатысты Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 156-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл қылмысқа берілетін жазаның ең ауыры – 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру.
Қазіргі таңда айыптау актісі тіркеліп, аталған іс бойынша материалдар сотқа жолданған.
newstaraz.kz