Өз анасы мен бауырын маңдайынан атқан бозбала АҚШ-ты дүр сілкіндірді
Фото: buzzfeed.com
Нью Стэнтем қаласы полициясының мәлімдеуінше, Джейкоб Римейли есімді жасөспірім өзінің 46 жастағы анасы мен 8 жастағы бауырын тапаншамен атып өлтірген.
Баланың мұндай әрекетке бару себебін полиция мен психиатрлар анықтау үстінде.
Фото: buzzfeed.com
Ал ол ұстаған қару баланың қолы жететін оңай жерде тұрған.
Полицияның хабарлауынша, Джейкоб ерте тұрып, ас бөлмесінде тұрған қарумен анасы ұйықтап жатқан бөлмеге барады. Ол қаруды анасына қаратып, маңдайынан жақын жерден тұрып атқан.
Содан кейін ол туған бауырын да төсегінде ұйықтап жатқан жерінен атып өлтірген.
Фото: buzzfeed.com
Осыдан соң Джейкоб 911 құтқару қызметіне хабарласып, әкесінің суық қаруды кереуеттің үстіне қалдырып кеткені туралы мәлімдейді. Полицияның ойынша, баланың бұл әрекеті бар кінәні әкесіне жабуға деген арам пиғылынан шыққан.
newstaraz.kz